Талдықорғанда сәби менингококк инфекциясынан көз жұмды

791

Талдықорғанда сәби менингококк инфекциясынан көз жұмды

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында жас сәби менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Аталған ақпаратты өңірдегі инфекциялық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кеше ауруханаға 2 жас 8 айлық Айша Қабдолла өте ауыр жағдайда түсті. Ол біздің ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Балада менингококк инфекциясы, инфекциялық-токсикалық шок белгілері анықталды. Өкінішке қарай, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деді  Бауыржан Сауранбаев.

Облыстық денсаулық сақтау басшысының орынбасары Эльмира Ахметованың айтуынша, қазіргі күні жұқпалы аурумен ауырған баламен байланыста болған тұлғалар белгілі болды.

"Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес, оларға күнделікті бақылау жүргізіледі. Первентивті емдеу шаралары да басталып кетті.  Байланыста болған ешқандай да тұлға назардан тыс қалған емес", - деді Эльмира Ахметова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу