Талдықорғанда саябаққа іргелес жатқан жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

112

Сот актісі заңды күшіне енді.  

Талдықорғанда саябаққа іргелес жатқан жер учаскелері мемлекетке қайтарылды Фото: dalanews.kz

Жетісу облысында Талдықорған қаласы прокурорының "Ардагерлер саябағына" іргелес орналасқан жалпы ауданы 4,1 гектар жер учаскесін жеке тұлғаға беру фактісін заңсыз деп тану және аталған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару туралы талап арызы қанағаттандырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қадағалау іс-шаралары барысында көрсетілген жер учаскесі орман-саябақ аймаққа жататыны және 2006 жылы заң талаптарын бұза отырып жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.

Кейіннен жер учаскесі 44 жеке учаскеге бөлініп, 13 тұлғаға сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу