Талдықорғанда саябақтың 74 гектар жері мемлекетке қайтарылады

165

Меншік иесі жер кодексі бабын бұзған. 

Талдықорғанда саябақтың 74 гектар жері мемлекетке қайтарылады Фото: inbusiness.kz

Сот Жетісу прокурорларының Талдықорғандағы "Ардагерлер саябағы" жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының "Ардагерлер саябағының" 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды.

Прокурорлар жалпы пайдаланудағы орман саябағы аймағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған).

Кейіннен, жаңа жер иесі элиталық коттедждік қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура заңның сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу