44 жастағы азамат аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 келі 334 гр героин күдіктінің сөмкесінен табылды. Қазір аталған затты заңсыз сақтап, тасымалдаған ер азаматтың үстінен іс қозғалды. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.
"Есірткі тасымалдаушының қолындағы құжатқа сəйкес, ол ТМД елдері бірінің азаматы болып шықты. Бұған дейін Қазақстанда істі болғаны анықталды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу