21 қарашада автовокзал маңында Талдықорған қаласының үш тұрғыны үш жерге бару үшін такси жалдады. Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керектігін еске салды. Жолаушылар бұған дөрекі жауап қайтарып, бұл кейіннен ер адамдардың жұдырықтасуына түрткі болды.
Содан көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттады. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. 27 жастағы такси жүргізуші түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді.
Аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес жүргізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу