Талдықорғанда TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

459

Оқиға әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталды.

Талдықорғанда TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Талдықорғанда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде былапыт сөз айтқан 27 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде құқық бұзушылықты анықтаған. Әйелдің жеке басы анықталып, жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, айыппұл салды.

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, өзгелерді құрметтеуге және жариялайтын контентіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу