Жетісу облысының прокурорлары Талдықорған қаласында 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырған кінәлі тұлғаларға қатысты әділ үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар бастап жүргізді.
Талдықорған құрылыс бөлімінің лауазымды адамы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталды.
Сот үкімімен үш сотталушы, оның ішінде әкімдік қызметкер ҚР Қылмыстық кодексі 2-тармағының 189-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ресми мәліметке сәйкес, үкім заңды күшіне енген жоқ.