Талдықорғанда заңсыз медреселердің қызметі туралы ақпарат тексеріліп жатыр

323

Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті мәлімдеді. 

Талдықорғанда заңсыз медреселердің қызметі туралы ақпарат тексеріліп жатыр Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде Талдықорғанда қайырымдылық ұйымдары кейпінде заңсыз медреселер жұмыс істеуі мүмкін екендігі туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Желідегі үндеу авторының айтуынша, оларда тиісті лицензиясыз және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) жүйесінен тыс балалар мен жастарға діни білім беру жүзеге асырылады.

Жетісу облысының полиция департаменті бұл ақпараттың қазірдің өзінде тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тексеру жүргізуде", – деп хабарлады ведомстводан.

Полиция өзге мәліметтерді нақтыламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу