Талдықорғанда жарылыс болып, бір адам зардап шекті

511

Күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған.  

Талдықорғанда жарылыс болып, бір адам зардап шекті Фото: Жетісу облыстық ТЖД

Талдықорғанда компания аумағында жеке тұрған ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, қабырға қирады, деп хабарлайды inbusiness.kz Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"22 қазанда 05:50-де Желтоқсан көшесінің бойында ЖШС аумағында, жеке тұрған ғимаратта (күзетші үйшігі) газ-ауа қоспасы жарылып, қабырға қираған және 50 шаршы метр аумақты қамтитын төбесі опырылған, 20 шаршы метрлік заттар жанған. Оқиға салдарынан 40 жастағы күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған. Жағдайы бірқалыпты", – деді Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Мамандар газдың шығу себебін анықтауға кірісті. Оқиға орнында Талдықорған ТЖД және ПБ ЖТТ тергеушілері, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу