Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда Талдықорған полициясына келіп түсті. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) және 121-бабының 3-1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп жазады ақпарат көзі.
Күдікті ретінде қалалық полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті қылмысты көлікте жасағаны анықталып, автокөлік тәркіленді.