Талдықорғанда жастар төбелесіп, 1 адам қаза тапты

383

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талдықорғанда жастар төбелесіп, 1 адам қаза тапты Фото: freepik

Талдықорғандағы Шығыс шағын ауданында №32 үйдің жанында жастар арасында төбелес болып, оның салдарынан бір жігіт пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Талдықорған қаласының ПД баспасөз қызметі.

Кейбір дереккөздерде тараған ақпаратқа сүйенсек, ұсталған күдікті – 2003 жылы туған азамат. Қазіргі уақытта жанжалдың себебі мен мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу