Талдықорғанда Жетісу облысының олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысына қатысты педофилия ісі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс материалдарындағы негізгі айыпталушы 26 жастағы спорт мектебінің жаттықтырушысы. Ол жақында ғана қызметінен босатылған.
"Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", – деді Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы.