Талдықорған қаласының полицейлері іздеуде болған 8 айлық сәбидің орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сәби Талдықорған қаласында жекеменшік секторда тұратын әкесінің туыстарынан табылды.
"Қазіргі уақытта нәресте анасының жанында, өз кезегінде ол қалалық полиция қызметкерлеріне бүлдіршінін іздеуге көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдірді. Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді", делінген хабарламада.
Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу