Талдықорғандағы авиациялық базада 2 қызметші жарақат алып, біреуі қайтыс болды

471

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Талдықорғандағы авиациялық базада 2 қызметші жарақат алып, біреуі қайтыс болды Фото: Ашық дереккөзден

15 тамыз күні Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу