Талдықорғандағы облыстық көпсалалы клиникада ісіктерді емдеудің жаңа әдісі енгізілді

417

Жетісу облысының тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуді жақсарту үшін алғаш рет Облыстық көпсалалы клиниканың директоры Мадияр Өмірбаевтың басшылығымен радиожиілік абляциясын (РЖА) пайдалана отырып, қатерсіз және қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдісі енгізілді.  

Талдықорғандағы облыстық  көпсалалы клиникада ісіктерді емдеудің жаңа әдісі енгізілді  Фото: yandex.kz

Бұл әдіс қазіргі заманның аз инвазивті және тиімді әдіс саналады, деп жазады inbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Емдеу әдістемесін Алматы және Астана қалаларындағы онкология және радиология институттары сияқты 3 деңгейдегі медициналық мекемелер ғана меңгерген. Енді мұндай операция Талдықорған қаласындағы облыстық  көпсалалы клиникада да жасалатын болады. 

"Интервенциялық хирургия әдістері пациент үшін аз инвазивті және ауыртпалықсыз, оңалту кезеңі ұзаққа созылмайды, жылдам өтеді. Қатерсіз ісіктер үшін РЖА жүргізгеннен кейін науқастың алғашқы күндері амбулаториялық деңгейде қаралуына мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта бүйрек пен өкпенің қатерлі ісіктерін емдеудің заманауи ерекшеліктерін зерттей отырып, Клиника осы локализация бойынша химиоэмболизацияның аз инвазивті әдістерін енгізуді және өз мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр", деп жазылған ақпаратта. 

Клиникада жаңа бөлімнің ашылуына орай "Қатерлі және қатерсіз ісіктерді емдеудегі интервенциялық хирургияның мүмкіндіктері” тақырыбында мастер класс өткізілді. Оған медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Дауранбек Арыбжанов пен Астана қаласының рентгенхирургы Евгений Васильевич Мун, республиканың жетекші интервенциялық хирургы және осы бөлімшенің меңгерушісі Ілияс Нұрсейітов қатысты.

Мастер кластың бірінші күні 7 операция жасалып, барлығы сәтті өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу