Талдықорғандық мас жігіт зейнеткерді пышақтап тастады

410

28 жастағы күдікті қамауға алынды.

Талдықорғандық мас жігіт зейнеткерді пышақтап тастады Фото: polisia.kz

Талдықорғандық жігіт зейнеткерге пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 28 жастағы күдікті қамауға алынды.

21 тамызда 64 жастағы ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен түскен. Жараланған азамат жеке меншік секторынан ауруханаға жеткізілгендігі белгілі болды. Жәбірленуші масаңдау халде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қалалық полицияның жедел уәкілдері пышақ ала жүгірген күдіктіні анықтап, ұстады.

"Күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты, ол өтіп бара жатқан адаммен ұрыс-керіс бастап, ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған. Яғни, екеуі бірін-бірі танымайды, тек бірі екіншісіне ескерту ғана жасаған", – деді Талдықорған қалалық ПБ.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу