– Біз газдың ағуы және өрттің пайда болуы туралы хабарлаудың It-датчигін басқаруға арналған жүйені әзірледік. Бұл жүйе ауадағы кез келген газ концентрациясының өзгеруіне жауап береді және газ концентрациясының жоғарылауы жағдайында сигналмен, сондай-ақ ұялы телефонға қауіп туралы хабарламамен жеткізеді. Қолданба көмегімен сонымен қатар бөлмедегі ылғалдылық пен температураны бақылауға болады. Біздің жұмысымыздың нәтижесін әр үйде қолдануға болады, сондай-ақ біздің сенсорды пайдалану оңай және қол жетімді бағада, – деп атап өтті әзірлеушілер.
Айта кету керек, жоба тақырыбын таңдауға және оны одан әрі іске асыруға ағымдағы жылы Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері №20 мамандандырылған лицейде өткізген "Улы газбен улану" профилактикалық дәрістерінің бірі әсер еткен.
Өз кезегінде, Жетісу облысы ТЖД басшылығы оқушылардың тапқырлығын жоғары бағалап, оларға алғыс хаттар табыс етті, сондай-ақ балаларға жобаны дамытуда табыс және жаңа жеңістер тіледі.