Талдықорғандық педагогтер жалақыларын ала алмай жүр

516

Талдықорғандағы 5 мектеп пен 3 балабақшаның қызметкерлері қыркүйек айының айлығын әлі алмаған.

Талдықорғандық педагогтер жалақыларын ала алмай жүр

Талдықорғанның мұғалімдері мен тәрбиешілері жаңа оқу жылында жалақысыз жұмыс істеп жүр. 5 мектеп пен 3 балабақшаның қызметкерлері қыркүйек айының айлығын әлі алмаған.

Қалалық білім басқармасының өкілі Жасұлан Қанағатовтың айтуынша, аталған жағдай өңір екіге бөлінгендіктен бюджетті нақтылау жұмыстары әлі аяқталмаған.

"Бұл жағдай 2022 жылдың бюджетін екі облысқа, яғни Алматы және Жетісу облыстарына бөлуге байланысты қалыптасып отыр. Білім беру қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қорында ешқандай мәселе жоқ. Кассалық өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталғаннан кейін, барлық қызметкерлердің жалақысы толық аударылатын болады", – дейді ол.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі аталған жағдайды назарға алғанын жеткізді. 

Алматы мен Жетісу облыстарының бюджетін бөлу процестері аяқталуға жақын екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу