Талдықорғандық студенттер оқушылардың сабаққа қатысуына мониторинг жасайтын қосымша әзірледі

404

Оқушының қай уақытта келгені автоматты түрде базаға енеді.

Талдықорғандық студенттер оқушылардың сабаққа қатысуына мониторинг жасайтын қосымша әзірледі Фото: gov.kz

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп студенттердің сабаққа қатысуын бақылайтын қосымша ойлап тапты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Студенттер оқу орнының кіреберісіне қойылған QR-кодтарды пайдаланып, сабаққа келгендерін растайтын болады. Ол серверге автоматты түрде жазылады. 

"QR-код арқылы студенттердің сабаққа келуін бақылау оқу орны үшін ыңғайлы, білім алушылардың да жауапкершілігін арттырады. Әр студент келген бойда QR-кодты телефон арқылы сканерлейді. Оның қай уақытта келгені автоматты түрде базаға енгізіледі. Үйде отырып сурет арқылы сканерлеу мүмкін емес. Сондықтан сессия кезінде әр студенттің үлгерімі мен сабаққа қатысуы анық көрінеді. Бұл студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жасалған қадамның бірі",- дейді Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы, жоба жетекшісі Бақтияр Сатқұлов. 

Оның айтуынша, жоба қазіргі таңда толықтай дайын, қолдану үшін оқу жылының басында жаңа білімгерлердің мәлеметтерін деректер қорына енгізу қажет. Студенттер әзірлеген QR-код Талдықорған жоғары политехникалық колледжіне орнатылды. 

Алда облыстың барлық колледж, жоғарғы оқу орындарына ұсынылады. Жаңа бақылау жүйесін жүзеге асырған екі студент пен жетекшісі білім алушылардың сабаққа қатысу сапасы айтарлықтай артады деп сенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу