Талдықорғандықтар елорда күнімен қатар қоныс тойын тойлап жатыр

812

Талдықорғандағы 230 отбасы баспаналы болды.

Талдықорғандықтар елорда күнімен қатар қоныс тойын тойлап жатыр

Елорда күнінде Талдықорғандағы 230 отбасы баспаналы болды. 16 қабатты үш үй мемлекеттік бағдарлама негізінде тұрғызылып, бүгін ел игілігіне берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Талдықорғандықтар елорда күнімен қатар қоныс тойын тойлап жатыр. Облыс орталығындағы ең биік тұрғын үй шаһардың қарқынды дамыған оңтүстік-батысында орналасқан. Ғимараттар "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламасымен салынды. Баспаналы болғандардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала мамандары мен қарапайым еңбек адамдары бар.

"Биыл даму мүмкіндігі жоғары 35 алқап анықталды. 2025 жылға дейін 4,3 млн шаршы метр болатын 115 мың пәтер салу жоспарланып отыр.  Сонымен қатар осы күні Қаратал ауданында да 100 үйдің кілті табыс етілді. Соның қырығына көп балалы отбасылар қоныстанды. Жалпы, жыл соңына дейін өңірде осындай 334 үй мен 1300 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр",– дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Ұсманбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу