Бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Талдықорғанға табиғи газ берілген тарихи сәтке куә болды. Жетісулықтар қуанышына ортақтасты. Аймақты газдандыру Елбасының ерекше тапсырмасы болатын. 5 жылда ұзындығы 265 шақырым "Алматы -Талдықорған" газ құбыры төселді. Газ тарату стансасы салынып, бұл бағытқа 21,4 млрдтеңге жұмсалды. Магистраль аймақтың 6 ауданы мен 3қаласын көгілдір отынмен қамтуға жол ашпақ. Жалпы, қалаішілік газ жүйесінің ұзындығы 1400 шақырым шамасында. 50 мың абонентті қосу жоспарда бар. Бүгін алғашқы газ Ақбастау көшесіне берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу