Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

875

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы  өз өтініші бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

Ержан Бәкірбаев Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы туған. Өскемен жол-құрылыс институтын құрылысшы инженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.

Әр жылдарда ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ӨЖУ бастығы, "Жамбылавтожол" КМ-нің, "Казақавтожол" РМКК Жамбыл филиалының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Алматы мемлекеттік мекемесінің бас инженері, Алматы облысының автокөлік жолдары департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы директорының орынбасары, директоры, Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық басқармасының директоры, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

2014 жылдың қазан айынан – Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу