Талдықорғаннан Өскеменге апаратын республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады

180

Жол еліміздің үш өңірін Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады. 

Талдықорғаннан Өскеменге апаратын республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады Фото: Айтжан Мұрзанов

“Талдықорған-Қалбатау-Өскемен” жолының құрылыс барысы Мемлекет басшысының ерекше назарында, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жолдағы құрылыс жұмыстарының барысын Көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел құрылысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елді мекендері мен Аягөз қаласының айналма жолдары салынды.

Жолдың 16 учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.

Жалпы нысанды толық аяқтап, халық игілігіне тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу