Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі жол жөнделіп жатыр

1173

Аталған автожол учаскесі Алакөлдің туристік кластеріне енген. Былтыр жолдың осы бөлігінен 1,2 млн отандық және шетелдік турист өткен.

Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі жол жөнделіп жатыр

Талдықорған қаласынан Өскеменге дейін ұзындығы 313,5 км құрайтын автожолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Қайта жаңартудан кейін автомобиль жолының 31 шақырымы I-ші "б" санатына, ал қалған 282 шақырымы ІІ санатқа қосылады. Бұл учаскеде екі деңгейлі қос жол айрығы салынады, 21 көпір мен 404 су өткізу құбыры қайта жаңартылады.

Аталған автожол учаскесі Алматы облысы Алакөл көлінің туристік кластеріне енген. Былтыр жолдың осы бөлігінен 1,2 млн отандық және шетелдік турист өткен. Биыл 1,5-1,8 млн адам көлемінде турист жүреді деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу