Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қазан айында Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат бір топ бұзақының қолынан қаза тапты. Жасөспірімнің өлімінен кейін Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицейлер қызметінен босатылды.
Олардың орнына полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына Абдунур Тасыбаев және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығына Байжан Сатылғанов тағайындалды. Мейрам Әбікеев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болды.
Сондай-ақ, Алматы облысы мен Талғар ауданы әкімдігінің бірқатар қызметкері мен прокурорлары қызметінен кеткен болатын.