Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеу басталды

971

Тергеу кезінде ол қызметінен шеттетілді.

Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеу басталды

Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz talgarnewskz парақшасына сілтеме жасап. 

Оған қаңтар оқиғасы кезінде аудан бойынша жауапты кезекші міндетін атқармауы себеп болған.

Талғар әкімдігінің баспасөз қызметі Төрехановтың құзыретіне Алматы маңында орналасқан Тұздыбастау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтерін бақылау кіретінін хабарлады.

Айта кетейік, 5 сәуірде Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаевтың өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды.

Талғар, Алматы облысы, Барлық Төреханов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу