Талғар ауданында екі турист жоғалып кетті

343

Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кеткен. 

Талғар ауданында екі турист жоғалып кетті Фото: ҚР ТЖМ

24 тамыз күні кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы,  Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды өздері шақыра алды. Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында  тауып алды. Медициналық көмекке зәру болмады.

Тауға шықпас бұрын, бір күнге шықсаңыз да бағытты  мұқият зерттеңіз, мүмкіндік болса офлайн режимінде пайдалануға ыңғайлы етіп, бағыт картасын жүктеп алыңыз. Күтпеген оқыс оқиға  орын алса көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, делінген ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу