Алматы облысының Талғар ауданында лай көшкіні жүрді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Өткен түнде болған лай көшкінінің салдарынан талғар тас жолы мен сол маңдағы демалыс үйін топырақ басып қалды. Сонымен қатар, электр қуаты бағаналары мен телефон байланысының сымдарына зақым келген. Адам шығыны жоқ.
Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайдың тағы да қайталануы мүмкін деген мамандар, жолда аса сақ болу керектігін ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу