Қайғылы оқиға Рысқұлов ауылы аумағында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала деректерге сәйкес, тұрмыстық жанжал барысында 45 жастағы ер адам азаматтық некедегі жұбайына пышақ жарақатын салған. Ауыр жараланған әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Марқұмның денесіндегі жарақаттарды туыстары байқап, құқық қорғау органдарына хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта Алматы облысы полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Полиция мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары қолға алынған. Тергеу нәтижесіне қарай қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.