Алматы облысына қарасты Талғар ауданындағы мектептерде жер сілкінісіне байланысты сабақтар болмайды. Бұл туралы аудандық білім басқармасы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитын болады.
Айта кету керек, осыған дейін Алматы облысында жер сілкінісі болғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу