Талғар ауруханасында дәрігерлерді соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

917

Сараптама тағайындалды.

Талғар ауруханасында дәрігерлерді соққыға жыққан күдіктілер ұсталды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысының полицейлері Талғар ауруханасында дәрігер мен медбикені соққыға жыққан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 19 қыркүйек күні сағат 10:35 шамасында Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне аурухананың 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы хабар түскен. 

"Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудан полициясында тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері 1987 жылы туған Ш. және 1994 жылғы Н. есімді күдіктілерді анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта оқиғаның бүкіл мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр", деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы аясында жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу