Талғар бөгетін су шайып кетуіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді

451

Бұл туралы "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талғар бөгетін су шайып кетуіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді Фото: gov.kz

"2023 жылдың 22 шілдесінде сағат 00:30-дағы сел тасқынының кері әсері салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында топырақ бөгетінің оң жағын су шайып кетті. Ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метрлік шұңқыр пайда болды", - делінген хабарламада.

Сел қаупі бар аймақтан 150-ге жуық адам эвакуацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу