Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімінің сайлау күнін 15 желтоқсанға белгілегені туралы хабарлайды inbisness.kz сайты.
Осы орайда аумақтық сайлау комиссиясы Талғар әкімі болуға тіркелген кандидаттар тізімін жариялады.
Әкім болуға үш үміткер мүдделілік танытқан. Біріншісі, 1983 жылы туылған Арыстанбек Абихаирұлы "Талғар тұрғын үй" ЖШС-не жетекшілік еді. Ол "Amanat" партиясы атынан ұсынылып отыр.
Екінші кандидат – 1991 жылы туылған Жәнібек Каденов. "Талғар ауданы әкімінің аппараты" ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейтін оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынған.
Өзін өзі ұсынған соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов, Бесағаш ауылдық округінің аппарат мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.
Еске сала кетсек, Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.