Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

78

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Талғар қаласына жаңа әкім сайланды Фото: Талғар ауданының әкімдігі

Талғар қаласының әкімі болып Нұрхан Әділхан Лесханұлы сайланды. 

Жаңа әкім 1981 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін "құқықтану" және "қаржы және экономика" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында Жамбыл облысында экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарында, Талғар аудандық әділет басқармасында, Алматы облысы Әділет департаментінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке секторда да тәжірибесі бар.

Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі қызметін атқарған Арыстанбек Әбілқайырұлы 2024 жылғы резонансты оқиғалардан кейін бұл лауазымға келген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу