Алматы қаласының іргесінде орналасқан Тұздыбастау ауылында газ баллоны жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"2 тамыз сағат 18:07-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне алдын ала мәлімет бойынша Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұтанусыз газ-ауа қоспасының тарсылы болғаны туралы хабарлама түсті.
Осы үйден 2 адам: 1981 жылы туған әйел (3 дәрежелі күйік, жағдайы ауыр) және 2001 жылы туған ұлы (2 дәрежелі күйік, жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде) облыстық ауруханаға жатқызылды", - делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтауды сұрайды.