Талғар өзені арнасынан асып, жолды су шайып кетті

218

Бұл туралы аудандық әкімдік хабарлады. 

Талғар өзені арнасынан асып, жолды су шайып кетті Фото: Алматы облысының әкімдігі

Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округі аумағында Талғар өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, сол жағалауында орналасқан балама жолды су шайып кетті.

"Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті. Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады", – деп атап өтті аудандық әкімдіктен.

Әкімдіктің мәліметінше, көпірдегі қозғалыс шектелген. Алайда айналма жол Құлжа тасжолы мен Талғар-Есік-Бәйдібек би жолдары ашық.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділовтың тапсырмасы бойынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. 

"Қазір өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жүріп жатыр", – деп атап өтті әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу