Шерзат қаза тапқан күнгі дүкендегі бейнекамера жазбалары толығымен жарияланды

996

Ішкі істер министрлігі прокуратурамен келісімге келіп, бейнекамера жазбасын жариялады.  

Шерзат қаза тапқан күнгі дүкендегі бейнекамера жазбалары толығымен жарияланды Фото: видео скриншот

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, күдікті адамдар ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қонаев қаласында өткен брифингте  "Қамажай" дүкенінде орнатылған бейнекамера жазбасындағы қантөгіске толы оқиғаның фрагменттері көрсетілді. 

"Өкінішке қарай, біз осы уақытқа дейін қылмыстық процесстік кодекстің талаптарына байланысты шектеуде болдық. Тергеу мәліметтерін көпшілікке жария ете алмадық. Дегенмен ақпарат кеңістігінде жалған мәліметтердің тез таралуына байланысты прокуратурамен келісімге келіп, кейбір ақпаратты ашық түрде талқылау үшін бүгін жиналып отырмыз. Жағдайдың обьективті көрінісін қалыптастыру үшін біз оқиға орнынан тәркіленген бейнежазбаны ұсынамыз. Онда әрбір қатысушының әрекеттері көрсетіледі", – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов. 

Айта кетейік, Талғар ауданындағы оқиға Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың жіті бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу