Талғар тұрғыны жедел жәрдемді күтіп жатып көз жұмды

701

Жедел жәрдем шақыртудан 40 минуттан соң келген. 

Талғар тұрғыны жедел жәрдемді күтіп жатып көз жұмды Фото: бейнеден

Талғар тұрғыны жедел жәрдемді күтіп жатып көз жұмды. Желіде марқұмның жерде жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгерлер жедел жәрдемнің аталмын мекенжайға бірнеше минутта жете алатынын айтады. Әзірге болған оқиға туралы басқа мәлімет жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл факті бойынша тексеру жүргізетінін атап өтті.

"Бұл іс бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, тергеу нәтижесі бойынша ресми жауап беріледі", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу