Талғарда 32 жастағы жігітті атып өлтірген күдікті ұсталды

553

Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Талғарда 32 жастағы жігітті атып өлтірген күдікті ұсталды Фото: baq.kz

Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Police.kz сайтына сілтеме жасап.

"24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданы полициясына оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды",  делінген хабарламада.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу