Талғарда бір отбасының 3 адамы иіс тиіп көз жұмды

813

 2019 жылдың басынан 18 адам иіс тиіп қайтыс болған.

Талғарда бір отбасының 3 адамы иіс тиіп көз жұмды

Алматы облысының Талғар қаласында бір отбасының үш мүшесі иіс тиіп көз жұмды. Олар 1973 жылғы әкесі, 2001 және 2005 жылы туған балалары, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, отбасының анасы ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Алдын-ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға қатты отынмен жылытылатын пештің ақауы себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен Алматы облысында улы газбен улану фактілері жиілеп кетті. 2019 жылдың басынан 18 адам иіс тиіп  көз жұмған. Өткен аптаның сенбісінде Үшарал қаласында бір үйден жеті адам улы газбен уланып, олардың біреуі жан тәсілім етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу