Талғарда күдікті уақытша ұстау изоляторында асылып қалды

593

Оған кәмелетке толмаған қыз баланы зорлады деген айып тағылған.

Талғарда күдікті уақытша ұстау изоляторында асылып қалды

Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы облысының Полиция департаменті 3- желтоқсанда Талғар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіны ұстады. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

5 желтоқсан күні сағат 13:55 шамасында күдікті изоляторда асылып қалған. Қайтыс болу фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция бөлімінде тіркелді",- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды және тергеу шаралары жүргізілуде, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу