Алматы облысында 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғар ауданы Бесқайнар ауыл округі Таусамалы таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздеді.
Қабылданған шаралардың арқасында Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Демалушылар медициналық көмекке мұқтаж емес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу