Талғарда маунтинбайктан Қазақстан Спартакиадасы аяқталды

660

Талғарда маунтинбайктан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстанның бесінші жазғы Спартакиадасы өтті. 

Талғарда маунтинбайктан Қазақстан Спартакиадасы аяқталды

Жарысқа қатысушылар кросс-кантри элиминатор және кросс-кантри олимпик бойынша өзара жеңімпаздарды анықтады, деп хабарлайды olympic.kz.

Олимпиадалық маунтинбайк бағдарламасында елордалық Татьяна Богданова топ жарды. Ал ерлер арасында көпшілік күтпеген жерден жас спортшы Темірлан Мұхамедиянов жеңімпаз атанды. Ол тәжірибелі Денис Сергиенко мен Шәкір Әділовті басып озған.

"Кросс-кантри олимпик" бағдарламасында Шәкір Әділов топ жарды. Әйелдер арасында Алматы облысының өкілі Татьяна Генелева мәреге бірінші болып келді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу