Талғардағы мектептердің бірінде оқушыға дөрекі мінез көрсеткен мұғалім жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға биыл қазанда болған. Оқушының ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірген.
Видеода мұғалім оқушыны қалай итеріп жібергені көрсетілген. Облыс әкімдігі оқиғаның лицензиясы жоқ жекеменшік мектепте болғанын айтты. Прокуратура дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу