Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Болаттың отбасының үйінен шыққан өртке қатысты тың мәліметтер айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оның отбасы тұрған үйдегі өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, алты жүзден аса адам сұралды. Оқиға қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзін қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі анықталып жатыр", - деді Берік Адамов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу