Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өрт кезінде 18 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талғар қаласында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде төртінші қабатта пәтерде жиһаз өртеніп кеткен.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 18 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
Өрт 8 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт болған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу