Талғарда пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты

261

Оқиға 03:55-те Талғардағы Қонаев пен Абай көшелерінің қиылысында болған.

Талғарда пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты Фото: Elements.envato.com

Алматы облысында ер адамның төбелестен кейін қашып бара жатқан видеосы тарады, оның қолында пышаққа ұқсас зат бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Инстаграмдағы Info_Talgar аккаунты оқиғаның 03:55-те болғанын жазған. Ал Алматы облысының полиция департаменті бұл факті бойынша полицияға арыз-шағым түспегенін хабарлаған. Сонда да полиция дереу жұмысқа кіріскен.

– Соған қарамастан, бұл деректі Талғар аудандық полициясы тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деген болатын Алматы облысының полиция департаменті.

Куәгерлер таңертеңгі сағат 04-тер шамасында қолында пышағы бар төбелестен соң қашып бара жатқан ер адамды видеоға түсіріп алған. Видеодан әйелдің "Әділет, қойшы" деген даусын есту қиын емес.

Кейіннен Талғар ауданының полицейлері аталған оқиғаға қатысқандарды ұстап, жауапқа тартқан.

– Заң аясында қажетті шаралар қабылданды. Видеодағы оқиғаға қатысушы 37 және 31 жас аралығындағы аудан тұрғындары ұсталып, жауапқа тарту үшін полицияға жеткізілді, – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу