Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы зауыттан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Осы сәтте Алматы облысының өрт сөндірушілері Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы резеңке дөңгелектер шығаратын зауыттағы өртті сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өртті сөндіру жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенуде, – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ мәліметінше, 112-ге алапат өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу