Талғарда тағы қанды оқиға: Ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап әкеткен

491

Оқиға жайлы адвокат Гаухар Сариева әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талғарда тағы қанды оқиға: Ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап әкеткен Фото: Бейнежазбадан

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамды өлтіру және баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, күдікті жәбірленушінің бауырына аңшы мылтығымен оқ атқан. Ол оқиға орнында қаза тапты. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті кәмелет жасқа толмаған баланы алып, ізін жасырған. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы мен жүрген жері анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр, – делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сонымен қатар, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі полицияның арнайы жасағы кәмелет жасқа толмаған баланы құтқару операциясын сәтті жүргізгенін хабарлады.

– Бала босатылды, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, – деп хабарлады.

Артынша, күдікті ұсталып, одан аңшы мылтығы тәркіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу