Талғарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін

95

Тиісті шешім жобасы 2026 жылғы 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Талғарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін Фото: 5region.kz

Алматы облысы Талғар ауданында объектілік деңгейдегі техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңның 33-бабына, "Азаматтық қорғау туралы" заңның 48-бабына және ТЖМ-нің төтенше жағдайларды жіктеу туралы 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес әзірленген.

– Жобаға сәйкес төтенше жағдайды Талғар қаласы Асан Қайғы көшесі, 8/1 ғимараты мекенжайы бойынша жариялау ұсынылады. Бұл шешім аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 21 сәуірдегі кезектен тыс отырысының хаттамасына негізделген, – делінген құжатта.

Бастаманың негізгі мақсаты – орын алған оқиғаның салдарын жедел жою және әрекет етуші қызметтердің жұмысын үйлестіру.

– Қабылданатын шешім төтенше жағдай салдарын жоюға және тиісті қызметтердің үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны іске асыру әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдарға әкелмейді, – деп атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу